Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Ғашықтарға арналған зиянды кеңестер

Ғашықтарға арналған зиянды кеңестер

Ғашықтарға арналған зиянды кеңестер

Махаббат - бәрінің күткен және кезіктірмеген әлемі. Егер сіз сол әлемнен табылып жатсаңыз... Тәкаппар таулар мен жауапсыз жалғыздықтың қапасында қалып қоймауға тырысыңыз. Ғашығыңыздың жүрегін қайтара жаулап алуда белсенділік танытыңыз.

* * * * *

1. Жиі хабарласыңыз және үйіне қонақ болып баруды үдетіңіз.  Тіпті, егер телефон бесінші мүмкіндіктен кейін ғана көтеріліп жатса да, үй есігі тепкілеу мен қоңыраулатып тұрудың отыз алтыншы минутында ашылса да. Егер сізді ешкім шақырып жатпаса, ол ешкім қуанбауы тиіс деген сөз емс. Мүмкін, сіздің махаббатыңыз бағытталған обьект өте қарапайым әрі алғашқы қадам жасауына батылдығы жетпейтін жан болуы мүмкін (сөйтіп жалғаса берсе). Оның да өз көзқарас деңгейін көрсетуіне жол ашыңыз - көзден кетсе, көңілден өшеді деген сөз бар!

* * * * *

2. Оның өміріне қызығушылық танытыңыз.  Бұл жағымды ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынастың дамуына өте-мөте пайдалы. Оның қанша жаста өз бетінше әжетханаға бара бастағанын (қалжың ғой), нені жақсы көретінін, түсінде не көретінін, жалғыздықта қалғанда не сезінетінін білгеніңіз дұрыс. Егер сіздің шын жүректен шыққан сұрақтарыңызға конструктивті (және цензурадан өткен) жауап бұйырмаса - қайғырмай-ақ қойыңыз! Тас ғасырында өмір сүріп жатқан жоқпыз ғой: көршілер бар, құрбылар бар, жасырын видеокамералар. Әлеуметтік желіні еске салып жатудың өзі артық болар деп ойлаймын.

* * * * *

3. Тосын сый ұйымдастырыңыз! Мысалы, ол жазылған жаттығу бөліміне сіз де жазылыңыз. Еш ескертусіз - тосын сыйдың қызығын кетіріп алмау үшін - сабаққа барыңыз. Гүлмен. 

* * * * *

4. Ата-анасымен, бастығымен және барлық жақын достарымен танысыңыз. Бәрі білсін, сіздің бар екеніңізді. Және жай ғана "бар" екеніңізді емес, бас тарту мен кері қайтару құлықты емес, салмақты ниетті екеніңізді білгені абзал. Үйренсін. Ал сосын барып көре жатарсыз, оның өзі-ақ ойланатын болады. 

* * * * *

5. Бәсекелестермен күресіңіз.  Аямастан әрі кез келген әдіспен. Махаббат үшін патшалар соғыс жариялаған, ал сіздің неңіз кем? Рұқсат етіледі: шатақ, төбелес, жала және, тіпті, әңгіме. Сеніңіз, оған деген жүрек қалауыңыз қаншалықты белсенді болса, соғұрлым ол да сіздің қарсылығыңызға дәрменсіз екенін мойындап, ақырында өзі келмек сізге. 

* * * * *

Ұмытпай тұрғанда: жақындарыңыздың бақыты – оны сүйетіндердің ісі!

сурет:estilosn.siliconnews.es 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

4125 4
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 03 шілде 2013, 17:04
Пікірлер
+0
04 шілде 2013, 00:14

«Жақындарыңыздың бақыты - оны сүйетiндердiң iсi» :! Тек, «жала» дегенi болмаса, былайынша ондай зиянды емес секiлдi...

+0
04 шілде 2013, 11:15

мына кеңестер негізі керек, бірақ тым артық кетіп жатса зиянды болмақ сияқты...мөлшерден тыс дегендей ғой))

+0
04 шілде 2013, 11:24

керемет керемет ойлар екен!

+0
04 шілде 2013, 15:05

ұға алмадым біреуін де :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...