Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Ерте тұруға не кедергі?

Ерте тұруға не кедергі?

Ерте тұруға не кедергі?

5:50 — әдет… керемет, кішкене жата тұрсам.
6:50 — тұру қажет…
6:57 — үш ретке дейін тұрып кет! бір… екі…
9:40 — Ұят болды!!!

Ерте тұруға қаншалықты батылдық танытып жатсаңыз да, бірақ, әр жолы "қайырымды себептер" мен сылтаулар табыла кете ме? Сосын артынан жалқаулықты жамыла-жастана, ерік-күшіңізді таныта алмағаныңыз үшін өкінетін шығарсыз?

Ерте тұруға 12 кедергі:

1. Кешкі тамақ. Әсіресе, дәнді-дақылдар мен тәтті тағамдар ас қорытуды дұрыс жолдан тайдырады. Ағзада токсиннің көбеюі демалыстың шырғаланың шығарып, әсіре қызыл ұйқысыздыққа бөлейді. Денедегі әлсіздік пен ауыртпалықтар - соның көрінісі.

Сонымен қоса, ауыз қуысынан жағымсыз иістер. Кейде, тіпті, ағзада сезілетін ауыртпалық пен әлсіздік. Жалғыз себеп, кешкісін жеген астың күн шыққанша толық қорытылып болмайтындығы. Егер сіз тәтті, ащы, қою, сұйық, жалпы "ас" деп атауға лайықты тағамдарды тұтынар болсаңыз, онда ертеңгілік сағат 6-7-де ұйқы ашар күш кештетіп келмек. Кеш тұрған адамның не ырысы, не жұмысы кем болмақ.

2. Егер адам кешкілік уақытты нақты есепке алып, жоспарлап қоймаса, онда таңертең кішкене ұйықтап алуға себеп табылып тұрмақ. Ішкі ақталудың ақыр аяғы уақытты төсек үсті кетіреді. Осы тұста бір қоса кетерлігі, егер Сіз оянып алып, төсекте 5-7 минуттан артық жатып қалар болсаңыз, онда өмірлік тонус төмен тартып, ертеңгілік тұрудың көңіл қуантар эффектісі азаймақ. 

Әсіресе, мұндай тұстарда адамның ерік-жігерлі функциялары запа шегеді. Сондықтан, егер Сіз кез келген жаман әдеттердің бәрінен арылғыңыз келсе, онда ең алдымен ертеңгілік оянуды ретке келтіріп, төсекте жатып алмаған дұрыс.

3. Көрпенің шектен тыс жылуы мен жылы-жұмсақ көрпеше және қапырық әрі ыстық бөлме, кірлене бастаған ұйқы киімі адамның ерік-жігер қалауын төмендетіп, еріншектікке бойлатып жібереді.

4. Кеш жату мен ұрыс-керіс, өсек-сөз бен ұзақ уақытқа теледидар қараудан кейін, ерте тұру қиындау. Көрген сериал да қансорғыштар туралы болса, тіптен. Жоғарыда келтірілгендердің барлығы көңіл-күй тұрақтылығын бұзып, өз кезегінде толыққанды ұйқы қандыруға кесірін тигізбек.

5. Бақыт туралы және өмір мағынасы жайлы терең түсініктің болмауы, бір кесел. Ертеңгілік уақыттағы "ең үлкен бақыттың көрінісі" - жылы төсекте ұйықтау деп ойлайтын боласыз.

6. Төсегіңіз жайсыз тұста орналасуы мүмкін. Өзге жерлерде ұйықтап көру арқылы анықтауға болады. Ұйқының жайлы екенін, қай жерде жайсыз екенін, қай тұста жақсы демалуға болатынтығын аңғара алмақсыз.

7. Ұйықтарда басты шығысқа немесе солтүстікке беріп жатқан дұрыс. Егер үй қасында мешіт, не болмаса тау тұрса, онда аяқпен теуіп жатуға болмайды. Кесірі белгісіз болғанмен, кейде жақсы ұйықтап тұруға кедергі етіп жататын кездер болады.

8. Ұйықтайтын бөлмеде ашық қалған тамақ пен ас қалдықтары тұрмауы тиіс. Сананы арамдайды, сосын ұйқыны бұзады. 

9. Егер біреу-міреу қасыңызда жатар болса, онда оның ұйқысын бұзбастан, жаймен тұрып кетіңіз. Егер Сіз соған қарамастан ұйқыдағы адамды оятып алсаңыз, онда төсектен тұруына үгіттемеңіз. Әйтпесе, туыстың тітіркенісі сізге беріліп, ерте тұруға кедергі келтірмек. 

10. Егер Сізді ертеңгілік уақытта туыстарыңыздың бірі қайта жатуға үгіттесе, онда еш дауласпай, мейірбандықпен тез арада әңгімеден қашып құтылыңыз. Әйтпесе, ертеңгілік ұйқыдан тұруда жаман сезім іште қалып қоюы мүмкін. 

11. Көз ашқан соң, бірден тұрып кетіп, душ астына немесе жуынуға барыңыз. Ұйқы аурасы ұйқылы-ояу сананы жеңіп кетіп, ертеңгілік тұрудың жағымды әсеріне күнбе-күн қарсы тұрып көрмек.

12. Ұйқыға жатар алдында барлығын кешіріп, барлығынан кешірім сұраған дұрыс. Әйтпесе, адамдармен арадағы ұрыс-керіс жақсы ұйқының тынышын қашырады. Егер сізді беймаза ойлар алаңдата берсе, онда көз ілініп кеткенше бәріне бақыт тілеп жатыңыз. 

* * * *

Ертеңгілік тұрмауға сылтау да, себеп те табылар. Егер сіз әдіс-айла қолдана отырып, осы бір жаман әдеттердің барлығынан арылар болсаңыз, ерте тұруға мүмкіндік өресі кеңімек. Алайда, ең бастысы – ерте тұруға үгіттейтін сенім қажет-ақ.

сурет:vopros.ua 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

6919 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 18 шілде 2013, 14:58
Пікірлер
+0
18 шілде 2013, 17:25

Егер адам кешкілік уақытты нақты есепке алып, жоспарлап қоймаса, онда таңертең кішкене ұйықтап алуға себеп табылып тұрмақ. Дұрыс айтылған

+0
18 шілде 2013, 17:34

кешкі тамақты азайтсаң расымен күшті ұйықтайсың, өзімнен білем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...