Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Снайпердің «көзі»
Снайпердің «көзі»

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

Мен қалай блогер болдым?
Мен қалай блогер болдым?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Ерік өзіңіздікі

Ерік өзіңіздікі

Ерік өзіңіздікі

Біреулер кешігіп жатады, біреулердің уәделері аяқсыз қалады. Ал ендігі біреулердің нақты жауап бергісі келмейді. Мұның сырын түсіндіріп беретін тамаша тәмсіл...

* * * *

Ұстаз сөйлеуде:

- Кешегі күні қиындық турасындағы әңгімеміз бітпей қалған-ды. Соның жалғасы ретінде, cіздерден қарым-қатынас қиындықтарын сұрағым келіп отыр? 

Шәкірттер ойланып кетті, ақыры, ішінен бірі тұрып, былай деді:

- Менікі, уәделескен жерге келем деп жоқ болып кеткен немесе күттіріп қойған адамдар. Мазамды қатты кетіретіні осы. 

Келесі шәкірт сөз алды:

- Ал менің мазамды кетіретін нәрсе, біреу-міреудің уәде беріп алып, сосын орындамай кетіп жататындығы.

Үшінші шәкірт те қалыс қалмады:

- Менің жыным келетіні, адамның нақты жауап бермей тұрып алатындығы. Маңызды емес, зат ұсынып жатырмын ба немесе демалыс күндерін қалай өткізетінін сұрап жатырмын ба?

Бұл күні осы үшеуінен басқа шәкірттер келмеген болатын. Ұстаз бірінші шәкірттен сұрады:

- Айта ғой, бір рет болса да кешігіп көріп пе едің?

- Менің есімде жоқ, мүмкін, бала кезде болған шығар. Үнемі сағатқа қарап, асығып жүремін. 

Ұстаз екінші шәкірттен сұрады:

- Сен үнемі өз уәдеңде тұрасың ба?

- Иә, - деді шәкірт, - қанша қиын болмасын!

Үшінші шәкіртке қарады:

- Әр сөзіңде нақты жауап беретін бе едің?

- Сөзсіз! - деп үшінші шәкірт орнынан тұрып кете жаздап.

- Ал енді өздеріңіз ойланып қараңыздаршы, - деді Ұстаз, - сіздерге ешқайда асықпау керек, айтқан сөзге жауап та бермеу керек және жалпақ сөзден басқан ештеме жоқ болса...

Әр шәкірт өз істерін ойлауы мұң екен, бастары төмен салбырап кетті. Бұл уақытта Ұстаз өмірден түйіп-білген тұжырымын айтып беруге оқталды:

- Өзгелердің ерік беріп жүрген нәрсесіне мазамыздың кетуі, біздердің сол ерікті жасай алмауымыздан. Көбіне бұндай жайттар қызғаныш деген көрсоқырдың кесірінен орын алып тұрады. 

Автор: Тадао Ямагучи

сурет:www.seti.ee 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

1521 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 10 шілде 2013, 17:00
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...