Өзіңе қояр 30 сұрақ

Өзіңе қояр 30 сұрақ

Дұрыс жауап алу үшін алдымен дұрыс сұрақ қоя білу тиіс. Стивен Эйтчисонның өз ойынша, ол дұрыс сұрақ қоя білудің құпия сырын ашқан көрінеді. Оның көрінісі ретінде 30 сұрақтан тұратын тізім құрастырып шыққан. Тағы да өз ой пікірінше, әр адамның өз-өзіне осы сұрақтарды қоя білгені қажет.

Сұрақтар қарапайым әрі нақты. Және төмендегі сұрақтарға әділ жауап берер болсаңыз, онда өз өміріңіздің суретін сырттан көруге мүмкіндік аласыз. Әрине, ем-дауаның бұл түрі сізді қуанта қоймауы да мүмкін, өйткені өміріңіздің бүкіл келеңсіз тұстары жарқырап шыға келмек. Бірақ та, бәрін жақсылыққа бағыттау үшін, алдымен өзімізге маңызды сұрақтарды қоя білімуіміз тиіс.

1. Көздеген мақсатқа жету үшін мен бүгін не істей аламын?

2. Уақыттың қай бөлігінде өнімді жұмыс жасауға болады?

3. Өзімді еркелету үшін бүгін не істей аламын?

4. Өз өмірімдегі қай 5 нәрсеге алғыс айта алар едім?

5. Біреудің өмірін өзгерту үшін бүгін менің қолымнан не келеді?

6. Өзімдегі мінез-құлық қай қырынан үздік?

7. Өмірде не нәрсемен шындап айналысқым келеді?

8. Осы адамдардың өмірімнен орын алуын шындап қалаймын ба? (санамалап)

9. Әр күннен кішкене қаражат үнемдеп қалу үшін мен не істей аламын?

10. Күні бойына теледидарды қаншалықты көп көремін?

11. Шындап алғанда, осы бір заттардың бәрі бірдей маған керек пе?

12. Соңғы рет қашан жақсы кітап оқыдым?

13. Соңғы рет қашан "Жоқ" деп айттым?

14. Өзгелердің мен туралы ойлағаны, шындап алғанда, бір мәнге ие ме?

15. Осы жылы неге қол жеткізгім келеді?

16. Өзім жеткім келетін келесі "ұлы мақсат" қандай?

17. Өзімді бақытты сезінуім үшін мен не істей аламын?

18. Өзіме тиесілі қолайлылықтың шекарасынан соңғы рет қашан аттап кеттім?

19.  Менің өмірлік құндылықтарым?

20. Ойластырып қойған мүддеге ілгері басу үшін қандай адымдарға баруым тиіс?

21. Керемет күнімнің көрінісі қандай болғаны дұрыс: таңертең оянғаннан, көз ілген аралықта?

22. Қандай жақсы әдеттерді үйренуім тиіс?

23. Жаман әдеттерден қалай құтылуыма болады?

24. Көбіне мені шабыттандыратын кім?

25. Тұлғалардың қандай артық қасиеттері мені сұқтандырады?

26. Менің армандарым сол күйінде арман болып қала бермек пе немесе мен оларды ақиқатқа айналдыра алам ба?

27. Егер мен оны жібере салғанда _____________ не болуы мүмкін еді?

28. Өз жұмысымнан шындап ұнайтын не нәрсе?

29. Егер менің осы сәтті тағы бір өткерер мүмкіндігім болса, онда нені басқаша жасар едім?

30. Осы сұрақтарды оқып болған соң, нендей әрекеттер жасаймын?

Cурет: macradar.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига