Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Өмір заңдылықтары

Өмір заңдылықтары

Өмір заңдылықтары

Әзіл-қалжыңы аралас өмір заңдылықтары.

* * * *

1. Қапталдағы кезек күту әр уақытта жылдам жүреді. /Этторенің бақылауы/

2. Егер еш қайрансыз, еш көмек болмай жатса, онда, ақырында, түсіндірмесін оқыңыз! /Кан мен Орбеннің қағидалары/

3. Іздестіру жұмысын ешкім күтпеген тұстан бастаңыз. /Іздестіру заңдылығы/

4.  Қай уақытта болсын, жұмысты өз деңгейінде бітіруге уақыт жетпей жатады, бірақ, қайта қарап шығуға уақыт табыла кетеді. /Мескименнің заңы/

5. Ең қиын тапсырманы жұмыстағы ең жалқау адамға тапсырыңыз. Ол ең оңай жолын табады./Хлейд заңы/

6. Шұжықты ұнататындар мен заңды құрметтейтіндердің назарына: екеуінің де қалай жасалатынын көрмей-ақ қойыңыз. /Шұжық қағидасы/

7. Ұжымдасып жұмыс істеген өте маңызды. Соның арқасында, кінәні өзгеге арта салуға болады. /Фингейлдің сегізінші ережесі/

8. Сізге әр уақытта не ақша, не уақыт жетпейтін болады./Лерманның зерттеуі/

9. Жұмыстың 90 пайыз алғашқы бөлігі 10 пайыз уақытты алады, ал қалған 10 пайыз 90 пайыз жұмысты. /Жоба жасау ережесі/

10. Қай  кезде болмасын, тырнақты алып тастаған соң, ол артынша бір сағат өтер-өтпесте керек болып шығады. /Уиттеннің заңы/

11. Ағаш есіктен ұратын күн туғанда, өмірдің алюминий мен пластиктен тұратынын түсінесің. /Флагтың заңы/

12. Жасалуы тиіс емес кез келген жұмыс адамға жеңіл тиеді. /Холттың заңы/

13. Кімнің қолынан келсе, сол жасайды. Кімнің қолынан келмейді, сол оқиды. Студенттерге толықтыру: Кім оқи алмаса — оқу үшін оқыту. /Дж. Б. Шоудың заңы/

14. Дұрыс түсіндірілмеген кез келген бұйрық дұрыс түсінілмейді. /Әскер заңы/

15. Адамдар қажеттілігі болмай қалған кез келген ауыр жұмысты жасауға пейілді. /Зимергидің адал еңбек заңы/

16. Маман (эксперт) — кез келген адам біздің қалада туылмаған. /Марса ережесі/

17. Тәжірибе өсімі істен шыққан аппаратқа тіке пропорциялы бағытталады. /Хорнер/

18. Ешқашан бір ғана нәрсені жасау мүмкін емес. /Хардинның заңы/

19. Ең қызықты экспонатта ат қойылған тақта болмайды. /Джоунстың зоопарк пен мұражай заңы/

20. Бірде-бір талант детальға деген ынтықтығын жасырып тұра алмайды. /Левидің сегізінші заңы/

21. Бір сағаты бар адам уақыттың нақты кезін біледі. Ал бірнеше сағатқа иелік ететін жан еш нәрсеге сенімді емес.  /Сегалдың заңы/

22. Ұзақ уақытқа сақтап келген бір нәрсені лақтыра салуға да болады. Алайда, лақтырған соң, сол мезетте керек бола қалады. /Ричардың байланыс ережесі/

23. Жоғалған затты ең соңғы қалтадан табасыз. /Бубтың заңы/

24. Бутербродтың қай бөлігіне май жағуды күні бұрын дұрыс анықтау мүмкін емес. /Табиғаттың дойырлық заңы/

25. Ыстық шыны сауыт (колба) тура мұздай шыны сауыт секілді. /Зертхана жұмысының бірінші заңы/

26. Үкіметтегі жемқорлық туралы әрқашан өткен уақытпен хабарланады. /Уотергейгей қағидасы/

27. Көрегендік танытатындар көбіне тапсырма шешімінен алыс жүреді. /Алинскийдің қағидасы/

28. Экономистер арасында ақиқат өмір көбіне кездейсоқ оқиға болып есептеледі. /Хонгреннің бақылауы/

29. Еш нәрсе де парасатты себеппен жасалмайды. /О’Брайенның заңы/

30. Әр іс-әрекеттің өзімен бірдей қарсыбет сыны болады. /Харриссон/

31. Бәрінен ең аз төлем жасаған адам  - бәрінен де ең көп шағым жасайтын адам. /Дрюның кәсіби практика заңы/

32. Біреудің дұрыс кетпей бара жатқаны маңызды емес. Мүмкін, мұнысы жақсы көрінетін шығар. /Скоттың бірінші заңы/

33. Сынбайтын ойыншық біреудің басын жаруда пайдалы. /Ван Ройдың заңы/

34. Бүкіл ұлы жаңалықтар қателікпен жүзеге асады. /Янгтың заңы/

35. Бір басыңыздан не өтпесін, оның барлығы да жақын туыстарыңыздың бірінің басынан өтіп те қойған. Ол жолы тіпті ауыр болатын. /Мидердің заңы/

Cурет:tatjanaere.livejournal.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

3023 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 18 маусым 2013, 17:53
Пікірлер
+0
18 маусым 2013, 19:32

:!: :!:

+0
18 маусым 2013, 23:10

Біразын бір сол "Қырсықтық заңы" деп атай салуға болғандай екен! )))
Мидердің заңын есте ұстау керек! :!:

+0
18 маусым 2013, 23:20

9-ншы заң кате сиякты)

+0
18 маусым 2013, 23:24

Биреуге хабарласкын келмей отырганда, биреу телефонынды алып кетсе хабарласкын келип кетеди /менин заным/

+0
19 маусым 2013, 01:59

кобисинин магынасын тусине алмадым :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев