Махаббат нәзіктік пен аялы алақанмен өлшенеді

Махаббат нәзіктік пен аялы алақанмен өлшенеді

Сүйетін адамның әр уақытта есінде болсын, Махаббат ынтықтық пен күш-қуатпен өлшенбейді. Махаббат нәзіктік пен аялы алақанмен өлшенеді. Бір кез құлатқаннан гөрі, он рет ұстамды болған жақсы...

* * * * 

Жел әдемі Гүлді көрді де, оған ғашық болып қалды. Ол оны жаймен ғана аялаған сәтте, Гүл оған үлкен махаббатымен тіл қатып, сезімін хош иісімімен білдіріп жатты. Бірақ Жел үшін мұның бәрі аздай көрінді. Сосын, ол мынадай шешімге келсе керек: "Егер мен Гүлге бүкіл күш-қуатымды берер болсам, онда ол да маған бұдан да үлкен сезім сыйлайтын болады". Және бүкіл демін ішіне тартты да, бүкіл махаббатымен Гүлге үпіріп жіберді. Алайда, Гүл асқан қызу ынтықтықты көтере алмай, үзіліп түсті. Жел оны орнынан көтергісі келіп, жан бітіруге тырысса да, онысынан түк шықпады. Сол сәтте Гүлге махаббаттың нәзік демімен дем үрлеп көрді, бірақ ол уақыт өткен сайын солып бара жатты. Жел ақыры шыдай алмай, айқайлап жіберді:

- Мен саған өз махаббатымның бүкіл күш-қуатын бердім ғой, ал сен болсаң! Көрініп тұр, маған деген махаббат сезіміңнің әлсіз болғаны, онда, сен мені сүймегенсің!

Бірақ Гүл ештеңе деп жауап қатпады. Өлді де қалды.

Сүйетін адамның әр уақытта есінде болсын, Махаббат ынтықтық пен күш-қуатпен өлшенбейді. Махаббат нәзіктік пен аялы алақанмен өлшенеді. Бір кез құлатқаннан гөрі он рет ұстамды болған жақсы...

Сурет: stihi.ru  

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига