Компьютерде болуы керек 9 тыйым

Компьютерде болуы керек 9 тыйым

Компьютерді білу мен мүмкіндігін толық пайдалана алудың өзі бір бөлек өнер де, ал оны қорғау мен ғұмырын ұзаққа созу өз алдына тағы бір өнер. Ендеше, жігітке жетпіс өнер аздық етеді. Бұларды да біле жүріңіз.

  1. Компьютерді қайта-қайта ашып-жабуға болмайды. Өйткенi, электронды бөлшектерден электр тоғы өткенде, температурасы жоғарлайды. Оларды қуат көзінен үзгенде, температурасы төмендейді. Суыну мен қызудың үнемі өзгеруі компьютердің бөлшектерін күн ілгері тоздырып, пайдалану ғұмырын қысқартады.
  2. Күшті магнит өрісіне жақындатуға болмайды. Мысалы, магнит қуаты жоғары дыбыс сандығы, электрлі желдеткіш қатарлы күшті магнит өрісін қалыптастыратын электро жабдықтарына жақын қоюға болмайды. Өйткені, компьютердің көрсеткіші магнит өрісінің ықпалына ұшырап, пайда болған кескіннің пішіні өзгереді. Егер ұзақ уақыт магнит өрісінің ықпалына ұшырайтын болса, экраннан шығатын кескін қыңыр-қисық болып қалуы әбден мүмкін.
  3. Қатты табақшаны қайта-қайта форматтауға болмайды. Қатты табақшаны форматтау қатты табақшаның пайдалану ғұмырына ықпал жасайды. Ең дұрыс шешім DM, NDD сияқты магнитты табақша шипагерлерінен үнемі пайдаланған жөн. Мұндай қорғау жұмсақ бөлшектер қатты табақшаны тексереді және қорғайды. Пайдалы сандық мәліметтердің жойылып кетуінің алдын алады.
  4. Жылу қайнарына жақындатуға болмайды. Компьютерді пеш, жылыту парлары сияқты жылу көздеріне жақын қоюдан аулақ болу керек. Компьютер бөлшектерінің жоғары температураның әсерінде тез тозуының алдын алу қажет.
  5. Қозғалтқыштың көрсеткіш шырағы жанып тұрған кезде, магнитты табақшаны күшпен шығарып алуға болмайды. Қозғалтқыштар жұмыс істеп жатқан кезде, магнитты табақшаларды шығаруға және салуға мүлде болмайды. Бүлінген, көргерген магнитты табақшаларды қозғалтқышқа салып оқуға немесе жазуға болмайды. Мұндай магнитты табақшалар қозғалтқышты бүлдіреді және магнит басын ластайды. Кейінгі оқу мен жазуға кедергі жасайды.
  6. Компьютер электро қуат көзіне жалғанып тұрған кезде, сыртқы жабдықтарды жалғауға және үзуге болмайды. Басып шығару машиналары, сурет сызу аспабы, көрсеткі тінтуір, тілтақта сияқты компьютердің сыртқы жабдықтарын жалғауға тура келгенде, оның зақымдалуынан аулақ болу үшін, алдымен компьютерді өшіріп, оны электр қуат көзінен айырған жөн.
  7. Компьютер қойылған үйге тыныш электрленудің алдын алуға болмайтын пластрлы дүниелер, еден тақтайлар және кілемдерді жаюға болмайды. Тыныш электрдың алдын ала алмайтын мұндай тұтыну бұйымдарына тыныш электр өте оңай жиналады да, компьютер мен онда сақталған мәліметтерге кері әсерін жасайды.
  8. Жұмсақ қозғалтқыштың магнитты басын қайта-қайта жуып тазалауға болмайды. Себебі, оны үнемі жуа беру магнитты табақшаның пайдалану ғұмырын қысқартады.
  9. Компьютерді өшіргеннен кейін, оның пернетақтасын жапқышпен жауып қойып жүрген дұрыс. Себебі, оның ішіне шаң-тозаң оңай жиналып, түймешелердің дұрыс жұмыс жасауына кері ықпал жасайды. Мұнан өзге, пернетақтаны қатты тарсылдатып басу да оның ғұмырын қысқартады.

Автор: Сұңқар Ақбоз

Сурет: 21tx.com

M. Auelkhan