Алматыда I-MIX-2013 интернет-конференциясы басталды

Алматыда I-MIX-2013 интернет-конференциясы басталды

Алматыда ауқымды I-MIX-2013 интернет-конференциясы өтуде. Бұл шара қазірде жақсы дамып келе жатқан интернет саласына бағытталған.

Конференция 12 түрлі тақырыптық сессияға бөлінген. Шараға Қазақстан, ТМД және басқа да елдерден 70 спикер қатысады.

"Стартаптар мен инвестициялар" сессиясында Қазақстандағы стартап жобалар, оларды қаржыландыратын ұйымдар, гранттар, мемлекеттік фондтар жайлы айтылды. 

"Мемлекет және интернет"сессиясы. Бұл жерде интернетке қатысты заңнамалар, электронды үкімет жайлы талқыланды.

Ал Neolabs компаниясы атынан шыққан Иван Волков Қазнеттегі "тірі сандардың" сырын ашты. Сайттар арасында статистика жүргізетін танымал Zero.kz өзінің жаңалықтары мен жоспарларын айтып өтті.

I-MIX-2013 интернет-конференциясының қонақтары

Конференцияда стартаперлердің арасында "Алло, біз стартаптар іздейміз" атты сайыс өтуде. 

Жалпы I-MIX-2013 интернет-конференциясы жұмысы интернетпен байланысқан, өзінің стартап жобасы бар, интернет-технологиялар, жарнама, электронды коммерциямен айналысатын адамдарға қызық болуы тиіс. 

Конференция бүгін кешке дейін Атакенттегі "Бақшысарайда" жалғаспақ. Ал ертең ақылы мастер-класстар өтеді. 

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

С. А