Шындықтың уы тәтті

Шындықтың уы тәтті

Шайдай ашық бір сенбіде досым Боби екі ұлын ертіп гольф доп майданына доп ойнауға барды.

Доп майданының билет сату орнына келіп, сатушыдан бағасын сұарды.

«Кіру билеттеріңіз қанша?»

Сатушы жігіт: «Алты жастан асқандардың әрбірінен үш АҚШ долларынан аламыз. Ал алты жасқа толмағандарды ақысыз өткіземіз. Ұлыңыздың үлкені алтыға келді ме?» деп сұрайды. 

Боби оған: «Отбасымыздың болашақ адвокаты үш жасқа, болашақ дәрігеріміз жеті жасқа толды. Сонда мен сізге алты доллар төлеуім керек екен, мырза!» дейді. 

Билет сатушы жігіт аңтарыла қалды да: «Мырза, ұтыс билетінен ақша алдыңыз ба? Әлде ақша қалтаңызды тесіп бара ма? Үш долларыңызды үнемдеп қалсаңыз, неңіз кетеді? Маған үлкен ұлым алты жасқа толмады десеңіз де, мен оны айырып жатқаным жоқ қой» дейді.

Досым Боби оған: «Иә, шынында да оның қанша жаста екенін біліп жатқан жоқсыз, бірақ, балалардың әкесі болғандығым үшін, оларды қаршадайынан суайттыққа тәрбиелемеуге борыштымын, олар менің қасымда тұр ғой» деп жауап беріпті.

«Сен қанша айғайлағаныңмен де бәрібір, сенің не айтқаныңды естісем бұйырмасын» деген философ Эмерсоннің сөзі бар. Сол айтпақшы, бәсеке мен күреске толы мына дәуірде шыншылдық қай кездегіден де, бәрінен де маңызды. Оның уы тәтті. Тұрмыс барысында немесе қызметте болсын, әркім өз кетігін тауып қаланғаны дұрыс.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: psal.org

M. Auelkhan