Бала арман және мәңгілік арман

Бала арман және мәңгілік арман
Фото: pixabay.com

Әр жолы ұшақ Абалаш тау жүлгесінен ұшып өткен шақта, ұшақ бастығы терезеден үнемі бар зейінімен астыға қадала қарап, осы арадан бір жоғын жоғалтқан адамдай жайдары жүзі өзгеріп сала беретін. Бірде орынбасары көкейінде жүрген сұрақтың жауабын білгісі келіп: «Басеке, осынау жан баласы жоқ жапан далаға сіз не үшін ұзыннан ұзақ тесіле қарап, сонша назар аударасыз?» дейді.

Ұшақ бастығы шашыраған ойын жиып алып: «Анау жыландай ирелеңдеп ұзыннан-ұзақ созылып жатқан өзенді көре алдың ба? Ол кезде мен ойын баласы болатынмын. Үнемі осы өзен бойына келіп, балық аулайтынмын. Әр рет ұшақ төбемнен ұшып өткенде, көз ұшындағы ұшаққа ұзақ уақыт күн салып қарайтынмын да, бала қиялмен «Шіркін, ана ұшақты айдаушы мен болсам қандай жақсы болар еді» деп ойлайтынмын!» деп жауап береді.

«Сіз қазір сол арманыңызға жеттіңіз ғой?!»

«Иә, бірақ, мен әр рет осы жерден ұшып өткенімде, сол кездегі қам-қайғысыз, кіршіксіз, балалық бал дәурен шағым еріксіз есіме оралады. Тау іші қандай тыныш. Тау баурайында жайқала өскен шөптер, хош иісі бұрқырап, құлпырып көз жауын алатын бәйшешек атқан гүлдер, таудан ескен салқын самал адамды желпіндіріп, маңдайыңнан өпкен кезде бір сергіп қаласың ғой, шіркін. Мұндағы құстардың сайраған дауысы, әсем үні үнемі құлақ құрышыңды қандырып, көңіліңді көтереді. Мен бұларды қалай ғана ұмытайын, егер мен қазір ұшақ бастығы емес, ана өзен жағасында балық аулап жүрсем қандай жақсы еді!», – депті сонда ұшақ бастығы. 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

M. Auelkhan