Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Ұйқысырамай жұмыс жасау амалдары

Ұйқысырамай жұмыс жасау амалдары

Ұйқысырамай жұмыс жасау амалдары

Күні бойы жүгіріп жұмыс жасадыңыз. Ертең маңызды күн. Жұмыстарды түнімен отырып жасасаңыз, үлгеретініңізді білесіз. Түн болды. Күні бойғы жүгіріс аяқ-қолды талдырып, ұйқысырап отырсыз. Жұмыс бітпесе, өмір қараң. Не істейсіз? Біз сізге көмек берейік.

Пранаяма

Йогамен айналысушылардың дем алып, шығару жаттығуын қайталап көру. Бұл амалдың аты капалабхати екен. Ауаны жәй тартасыз да, жылдам шығарып жібересіз. Бұл жаттығуды 10 рет қайталасаңыз, сергек бола түсесіз.

Сағыз шайнау

Ментолы бар сағыз шайнау керек. Балауса дәм беретін дәмі емес, сағызды шайнаған әрекетіңіз сергек бола түсуге септігін тигізеді. Бұл арқылы сіз өз миыңызды алдайсыз. Шайнап жатқан тұсыңызда миыңыз ас қорыту қызметтерін дайындап, ұйқыны қашырып жібереді. Пайда болатын инсулин адамның ұйқысын шайдай ашатынын біліңіз.

Желдету

Үйді желдетіп, терезелерді ашып қойыңыз. Жылы әрі ауасыз кеңістік адамды шаршатады. Салқын ауа миды жұмыс жасауға күштейді, бұдан кейін ағза да белсенді қалыпқа келеді. Ал кейбіреулер тіпті мұз шайнау керек дейді.

Дене жаттығуы

Секіріп, отырып-тұрыңыз. Қандай да бір дене жаттығуын 20-30 минут сайын қайталап тұру керек. Бұл әрекет арқылы сіз қаныңызды жүргізіп, оттегінің жасушаларға баруын қамтамасыз етесіз. Ұтымды әдіс – қысқа серуен. Зерттеу нәтижесі бойынша, 15 минуттық серуендеуден кейін адам баласы 2 сағаттық жұмысқа жарамды бола түседі.  

Жуыну

Беті-қолыңызды суық сумен жуып алыңыз. Бұл ағзаңыздың салқындануына алып келеді. Бұл амалды бас ауруы кезінде де жасауға болады-мыс.

Аштық

Тамақ ішпей қойыңыз. Ағза тамақты қорыту үшін көп мөлшерде қуат жұмсайды. Ас ішкен адамның ұйқысырап, шаршайтынының себебі осы. Аштық адамды сергек етеді.

Ән

Көңілді, жылдам айтылатын әнді тыңдап алыңыз. Даусын зорайтудың қажеті жоқ. Музыка эмоционалды түрде талпыныс тудырады да, мидың кейбір бөліктерін қозғайды. Мүмкін болса, әнді қосылып айтыңыз, ал мүмкін болмаса, басыңызды ән такты бойынша оңды-солға қимылдатып билеңіз.

Жарық

Бөлмені жарық етіңіз. Үйдегі барлық шамдарды алып қосып қойғаныңыз абзал. Ағза түн ауған кезде ұйқыға ден қояды. Сол себепті ағзаңызды алдай түсіңіз.

Массаж. (Уқалау)

Желкеңізді, мойныңызды, құлағыңызды, саусақтарыңызды, тізеңізді уқаласаңыз, ондағы қан айналымын үдетіп, сергек бола түсесіз.

Ароматерапия

Тәтті әрі жаман иіс адамды бірден сергек қылып, ұйқысын шайдай аша алады. Кофе, эвкалипт иісі көмекке келе алады.

Дискомфорт

Өзіңіз отырған орындықты қатты әрі ыңғайсыз орындыққа ауыстырыңыз. Егер ноутбугыңызды құшақтап төсекте жұмыс жасаймын десеңіз, ісіңіз алға баспайтынын мойындаңыз.

Кофе және түс

Кофе ішіп алып, 15 минут ұйықтап тұрыңыз. Бұл екі ұтымды әдіс бір үлкен пайдалы іске айналып жемісін береді. Кофеин тек 20 минуттан кейін ғана әсер ете бастайтынын білу керек. Егер 15 минут ұйқыдан асыра сілтеп жіберіп оянсаңыз, онда жұмыс жасай алмайсыз.

Қытық

Тіліңізбен таңдайыңызға жыбырлата тигізіңіз. Бұл да бір ұтымды әдіс.  

Троллинг

Күлкілі видео көріңіз немесе әлдекіммен саясат туралы әңгіме айтып, соңында дауласып қалыңыз. Интернетте отырып алып, қандай да бір мәселені қоздыра түссеңіз, ұйықтай да алмайсыз.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: hopesandfears.com

944 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 29 сәуір 2013, 15:44
Пікірлер
+0
29 сәуір 2013, 16:28

соңғысын жиі жасаймын :lol:

+0
30 сәуір 2013, 00:22

Саясат туралы әңгіме айтпауға тырысам, өйткені саяси көзқарастарымыз әріптестермен әр түрлі болғандықтан, сөзге келгім келмейді, көбіне ондай әңгімелерге араласудан өзімді ұстап отырам.) саяси әңгіме айтылады да қалады ғо, босқа бас қатырып, оған нервіңді кетіріп. негізі үндемей қалсаң көп нәрседен құтылады екенсің, бірақ басқа жағынан көп нәрседен қағылып қалуың да мүмкін.))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...