Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Бақаның теңізді көруі

Бақаның теңізді көруі

Бақаның теңізді көруі

Ұшы-қиыры жоқ жазық даланың ортасындағы көлде бір бақа өмір сүріпті. Ол теңізді көруді қатты армандайды екен. Бірде ол ұшып бара жатқан қаршығаны шақырып алып, теңізді қалай көруге болатынын сұрапты. Қаршыға оған: «Е, бұл өте оңай ғой. Анау көрініп тұрған биік тауға шықсаң, теңізді көре аласың» депті.

– Ойпырм-ай, неткен биік тау! - депті басын көтере қараған бақа шошып кетіп, – Менің сенікі сияқты ұшқыр қанатым, бұғынікі сияқты жүйрік те ұзын аяғым жоқ, мұндай биік тауға қалай шыға аламын?

– Рас, бұл тау өте биік, бұл тауға шығу үшін өзің айтқан ұшқыр қанат пен шыдамды сирақтан басқа амал жоқ, – депті де, қаршыға ұшып кетіпті.

Бақа әбден торығыпты. Ол үйіне, көлге қайта секіргелі тұрғанда, бір тиын оның алдына секіріп келіп: «Неге күрсініп тұрсың?» деп сұрапты.

«Теңізді көргім келеді, бірақ, мына тау өте биік екен, оған шығу мүмкін емес...» 

«Мына тасқа секіріп шыға аласың ба?» деп тиын бір тасқа секіріп шығыпты.

«Бұған неге шыға алмаймын?» деген бақа әлгі тасқа секіріп шығыпты.

Міне, осылай, бақа тиынға ілесіп, тастан-тасқа секіре беріпті. Олар қатты қалжырағанда, көк шөпке жатып демалып, шөлдегенде, тау бұлағынан су ішіпті. Қанша күн өткенін кім білсін, олар ақыры тастан-тасқа секіріп жүріп, таудың төбесіне жетіпті. Теңіз оларға жарқырай көрініпті. Тау төбесінде демалып отырған қаршыға бақаны көріп, айырықша таң қалып: «Сен бұл биік тауға шыға алмаймын демеп пе едің?» депті.

«Солай, - депті бақа, - Сен бұл биік тауға шық дегенде, мен батылдық ете алмаған едім. Алайда, тиын маған тасқа шығуды үйретті. Мен тауға шықтым!».

Дұрыс әдіс пен талмай құлшыну – ұлы мақсатты жүзеге асырудағы ең маңызды алғышарт.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: it.com

3125 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 23 сәуір 2013, 17:07
Пікірлер
+0
23 сәуір 2013, 19:01

Тек ақылмен аттау керек!

+0
24 сәуір 2013, 08:57

:ugeek: дұрыс екен, айналайындар :ugeek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...