Қай іске таңдау жасайсыз?

Қай іске таңдау жасайсыз?

Жетістікке жеткен адамдардың барлығы дерлік бір саланың білгірлері cаналады. Бір салаға деген ынтықтықтары мен тілек-пейілдері оларды осы шыңнан көрсете алады.

Италиялық экономист Вильфредо Паретоның есептеуінше, әлемнің 80 пайыз байлығы 20 пайыз байлардың қолдарында тұр екен. Өз кезегінде бұдан 80/20 қағидасы қылтияды. Қағиданың ертеңгі күніне үңілер болсақ, сексен пайыз байлықты адамзат ортақтастыруы тиіс. Әйтпесе...

Жетістікке бастап барар ең төте жолдар:

Жетістік - бір уақыттың жемісі емес

Көбіне бәрін бірден қалайтын әдет бар. Басты қателік деуге келмес, алайда, ұзақ жолдың шабысына кедергі келтірері сөзсіз.  Белгілі бір жетістікке жету үшін оған бастап барар қиындық атаулының тізімін жасау шарт. Осы жерде бір айта кетерлігі, адамдардың көпшілік бөлігі бір күннің оңай шаруасын мың күнге еншілеп, көп қиындықты өздері жасап алады.

Ең дұрысы, ең маңызды делінген проблемаларды қалдыру керек

Және оның көрсеткіші ретінде жағдайыңыздың біршама жақсарып қалғанын аңғарасыз. Сосын өз-өзімізге төмендегідей сұрақтарды қоюымыз қажет: "Қиындықтың оңай болуы үшін немесе мүлдем қажетсіз болып көрінуі үшін не істеуге болады?" Сонда барып бір мақсатқа төте жол ұстап, әр күніміздің жемісін күтетін боламыз.

Түске асқан дейін ең маңызды істерді шешіп тастаңыз

Уақытты төмендегідей екшеген дұрыс, ең ауыр жұмыстар күннің алғашқы жарты бөлігіне келуі тиіс. Сол уақытта күш те жеткілікті. Сағат 12-де күннің сәттілікке жалғасып жатқанын айтып, түскі астан соң, еш қиналмай жеңіл жұмыстарға көше аласыз. Осы мақсатта жұмыс тәртібіңізді құрғаныңыз дұрыс.

Бұған мән беретіндері шамалы

Өмірлік деректердің барлығы ақиқат негіздерге құралған. Ендеше, елеп-екшеп қолдансаңыз. Өзіңіз де біреуге, көршіге, бейтанысқа, досқа болсын ұзақ-сонар ақыл пәлсафасын айтып түсіндірген боларсыз.  Ондай болса, сол ақылдар алдымен өзіңізге қызмет қылсын.

Және біреудің ақылы әрқашан жақсылықтың нышаны болып табыла бермейді.

сурет:vk.com;parapsih.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига