Кішкентай сағат

Кішкентай сағат

Жаңадан құрастырылған кішкентай сағат үстел үстіндегі екі көне сағаттың ортасына орналастырылды. Екі үлкен, әрі көне сағаттар сырт-сырт етіп соғып тұр. Сол жағындағы сағат кішкентай сағатқа: «Кел, жұмыс істе, бұлайша тұра бересің бе? Саған әлі 31 миллион 200 мың ретке жуық сыртылдап соғу керек. Менің болжауымша сен оны орындай алар ма екенсің?!» деп күлді.

«О, тәңірім-ай! 31 миллион 200 мың рет деген сұмдық қой!» деп кішкентай сағаттың басы айналып кетті. «Мен мұндай үлкен шаруаны орындай алмаймын, мүлде орындай алмаймын!» деп дал болды.

Сол кезде оң жағында тұрған үлкендеу сағат: «Басқалардың қыртқан әңгімесін тыңдама, балам! Еш алаңдамастан тілшігіңді сыртылдатып соға берсең ғана болғаны» деді.

«Ойпырмай, бұлай істесем өте жеңіл екен ғой» деді кішкентай сағат. Ол секунд тілін сыртылдатып соғып тұра берді. Көзді ашып-жұмғанша бір жыл да өте шықты. Ол өзі өлердей қорыққан 31 миллион 200 мың секундтық сапарын артта қалдырды.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: u148.net

M. Auelkhan