Нұр-Сұлтанда әйел жетінші қабаттан құлап қаза болды

Нұр-Сұлтанда әйел жетінші қабаттан құлап қаза болды
Фото: © Әлихан Сариев

Нұр-Сұлтанда әйел жетінші қабаттан құлап, қаза болды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, "102" арнасына қоңырау түскен. Әйел Достық көшесіндегі үйлердің бірінде жетінші қабаттың балконынан құлап кеткен.

"Ол алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды. Елорданың 50 жастағы тұрғынының жеке басы анықталды. Оқиға кезінде үйде марқұмның туыстары болған", - делінген хабарламада.

Дерек бойынша Есіл ауданының полиция бөлімі соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатқаны айтылды. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Д. Шәріпхан