Google TikTok пен Instagram-ғы видеоларды іздеу жүйесіне қосуды жоспарлауда – The Information

Google TikTok пен Instagram-ғы видеоларды іздеу жүйесіне қосуды жоспарлауда – The Information
Фото: akket.com

Google іздеу жүйесінен TikTok пен Instagram-ғы видеолар да орын алуы мүмкін. Қазір компания өкілдері Facebook және ByteDance компаниясымен (TikTok тиесілі компания) келіссөздер жүргізуде, - деп хабарлайды The Information.

Қазір google іздеу жүйесі өздеріне тиесілі YouTube желісіндегі видеоларды жұрт назарына ұсынып келеді. Ал ол видеолар қатарында TikTok пен Instagram желісінен алынған көшірме түрлері де бар. Компания осы олқылықтың орнын толтырғысы келеді. Бірақ оның қаншалықты пайдалы болатыны белгісіз, - деп жазады басылым.

Google видеоларды индекстеуге және оларды іздеуде саралауға мүмкіндік беретін деректерді алғысы келеді. Келіссөздер жайлы өзге ақпараттар айтылмаған.

Google өкілі басылымға компания стандартты режимде іздеу жүйесін іске қосу бойынша келіссөз өтіп жатқаны туралы айтқан.

 

Н. Үсенова