Samsung Қазақстанда Bespoke жаңа интерьерлік тоңазытқыштарын сатуды бастайды

Bespoke жаңа тоңазытқыштарына 23 шілде мен 6 тамыз аралығында қазақстандық ресми серіктестер арқылы алдын ала тапсырыс беруге болады.

Жаңартылған Bespoke топтамасы жеке баптаулар мен икемді функционалды қызметтерге ие. Samsung дизайнерлік тоңазытқышы тұлға болмысын көрсету құралына айналып, әртүрлі интерьер идеяларын жүзеге асыруға және иесінің даралығын көрсетуге көмектесіп, жаңа тұжырымдаманы жүзеге асырады.

Bespoke иесінің тіршілік-тынысындағы өзгерістерге сәйкес түр-тұрпатын өзгертіп, талғамына қарай бейімделе алады.  Мысалы, егер отбасы шағын болса, кәдімгі тоңазытқыш жеткілікті, ал тоңазытқыштың кеңейтілген мүмкіндіктерімен тағы бір, екі, тіпті үш есікті модульді сатып ала аласыз! Панельдер құрылғыға ыңғайлы бекітілген, оларды бөлменің дизайны мен пайдаланушының қалауына қарай өзгертуге болады.

Жаңа тоңазытқыштың биіктігі 2 метр, ал панель түстері мен материалдарын таңдап алуға болады: сарғыш және аспан көк (күңгірт әйнек), сондай-ақ қара және классикалық ақ (жылтыр әйнек). Сонымен қатар, биіктігі 1,85 метр алдыңғы топтаманың алуан түсті модельдерін сатып ала аласыз: сүт түсті ақ және графит (күңгірт металл), классикалық көк және ақ, бургунди, ашық қызғылт және күлгін (жылтыр әйнек), сұр және сарғыш (күңгірт әйнек). Әр түрлі түстер мен алуан түрлі текстураға ие Bespoke-тың әркімнің талғамынан шығатын нұсқасын табуға болады.

Bespoke Home платформасы әдеттегі тоңазытқыштарға қарағанда ерекше.  Бұл пайдаланушылардың дара мінезі мен өзгеріп отыратын тіршілігіне сәйкес келетін кешенді интерьерлік шешім.  Корпустың түсі мен құрылымын ойластырудағы икемділік, модульдік құрылым арқылы өзіңізге бейімдеу мүмкіндігі мен заманауи дизайны ерекше.  Bespoke Home – әлдеқайда талғампаз және ыңғайлы бола түсетін асүй бөлмесін басқа қырынан көруге мүмкіндік береді.

Мамыр айында Samsung жаңа Bespoke Home 2021 виртуалды платформасын және жаңа тұрмыстық техниканы, соның ішінде микротолқынды пештер мен ыдыс жуғыш машиналардан, жаңа үй құрылғыларынан және тұрмысты бірегей, икемді де "ақылды" ете алатын IoT- шешімдерінен тұратын Bespoke Kitchen кешенін ұсынды. Ал келесі жылы біздің нарықта "ақылды" Bespoke airdresser шкафы, Bespoke ауа тазартқышы, Intel® Jet Bot AI+ AI шешімін қолдайтын алғашқы робот шаңсорғыш, Bespoke ShoeDresser аяқ киімді гигиеналық күту құрылғысы және Bespoke су тазартқышы сияқты жаңалықтар күтілуде.

 Серіктес материалы