ВКонтакте 2020 жылы Қазақстанда көп талқыланған тақырыптарды жариялады

ВКонтакте 2020 жылы Қазақстанда көп талқыланған тақырыптарды жариялады
Фото: vk.com/kz

Вконтакте 2020 жылы жарияланған жазбалар мен пікірлерге талдау жасап, ең көп талқыланған тақырыптарды жариялады. Рейтинг БАҚ пен медиаға талдау жасайтын Brand Analytics көмегімен жасалған. 

Биыл жиі талқыланған тақырыптар ондығы:

1. Карантин және оқшаулану – 814 мың рет аталған

2. COVID-19 пандемиясы – 807 мың рет аталған

3. Free Fire мобильдік ойыны – 158 мың рет аталған

4. PlayStation

5. "Борат" фильмі

6. PUBG Mobile мобильдік ойыны

7. "Қайрат" футбол клубы

8. Әлеуметтік төлемақы

9. Ухань, Қытай

10. "Барыс" хоккей клубы

Биыл қазақстандықтарды пандемия мен оқшаулану мәселесі көбірек алаңдатқан. Сонымен бірге әлеуметтік төлемақы тақырыбы да үздік ондыққа кірген, биылғы пандемия әсерінен жарияланған төтенше жағдайға байланысты 4,5 миллион қазақстандық әлеуметтік төлемақы алған.

Сондай-ақ PlayStation, Free Fire, PUBG Mobile сияқты ойын-сауық категориялары да үздік ондықта тұр. Қазақстан чемпионы атанған "Қайрат" футбол клубы мен "Барыс" хоккей клубтары да биыл ел аузында болған. Жұрт арасында дау тудырып, аз уақыт ішінде үлкен талқыға түскен тақырыптың бірі – "Борат" фильмінің екінші бөлімі.

Вконтакте биылғы рейтингі жоғары 10 тұлғаны да анықтады:

1. Қасым-Жомарт Тоқаев – 130 мың рет аталған

2. Владимир Путин – 128 мың рет аталған

3. Хабиб Нурмагомедов – 118 мың рет аталған

4. BTS

5. MORGENSTERN

6. Нұрсұлтан Назарбаев

7. Дональд Трамп

8. Скриптонит

9. Александр Лукашенко

10. Jah Khalib

Massaget