Facebook студенттерге арналған әлеуметтік желі жасап шықты

Facebook компаниясы студенттерге арналған жаңа әлеуметтік желіні жасап шықты. Бұл туралы компанияның ресми сайты хабарлады.

Жаңа платформа Facebook Campus деп аталады. Қашықтан оқу кезінде таныстық үшін таптырмас желі болмақ. Пандемия кезінде группадағы студенттер үшін ыңғайлы етіп жасалған. Группадағы студенттермен оңай тілдесіп, университет және колледж әкімшілігінен арнайы хабарламалар да ала алады.

- Біз бір группадағы бір-бірімен онлайн кездесу үшін, бір-бірімен оңай тілдесу үшін жаңа жоба бастадық. COVID-19 кезінде Campus нағыз керек дүние деп ойлаймыз, - дейді жаңа желі менеджері Чармейн Хунг.

Жаңа платформада іс-шараларға онлайн қатысуға да болады

Жаңа желіде арнайы профиль ашу үшін мектептің электрон мекенжайы мен оқу орнын қашан аяқтағаныңды жазасың. Қазіргі таңда Facebook Campus АҚШ-та 30-ға жуық колледж бен университет студенттеріне қолжетімді. Компания алдағы уақытта желі аясын кеңейте түспек.