Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады

Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады
Фото: tengrinews.kz

Қазақстанда 13 шілдеде бір минут үнсіздік жарияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Telegram каналында айтты.

"13 шілде Жалпыұлттық аза тұту күні ел бойынша Нұр-сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға бір минут үнсіздік жарияланады", — деп жазды Қарин.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын мәлімдеген болатын.

"Көптеген елде жағдай бізден де қиын. Дегенмен "Әр қазақ - менің жалғызым" дегендей, әр азаматымыздың қазасы жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан аталай асылдарымызды жұлып әкетіп жатыр. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтарымыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жарияаймын. Бірақ біздің күресіміз жалғаса береді", — деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Н. Үсенова