Android жүйесіне арналған антивирустардың көпшілігінде пайда жоқ

Android жүйесіне арналған антивирустардың көпшілігінде пайда жоқ
Фото: Skesov.ru

Android жүйесіне арналған әрбір үш антивирустың екеуі жарамсыз екен. Құрылғыны қауіпті вирустардан қорғауға келгенде қауқарсыз, - деп хабарлайды AV-Comparatives компаниясының мамандары.

Компания мамандары 250 антивирус бағдарламасын арнайы сараптамалық тәжірибеден өткізген.  Оның 80-і ғана аз деңгейде қауіпсіздік үшін қажет екені анықталған. Көпшілігі McAfee, Avast, Symantec, Trend Micro секілді танымал фирмалардың өнімдері. Өзгелерінде қандай да бір пайда бары байқалмаған.

Мамандар Android жүйесіне арналған антивирустарды жүктеуде сақ болуға шақырады. Тек танымал брендтердің өнімдерін ғана пайдалануға кеңес береді. Дегенмен олардың атын жамылып құрастырылған бағдарламалар да жетерлік екен. Оларды интерфейстері ажыратуға болады. Ал ондай пайдасы жоқ бағдарламалар құрастырушыларға ғана пайда әкеледі.

Н. Үсенова