Apex Legends ойын нарығында төңкеріс жасады

Apex Legends ойын нарығында төңкеріс жасады

Apex Legends ойыны 1 айдың ішінде 50 миллионнан астам ойыншы жинап, рекорд жаңартты.

4 ақпан күні PC, PS4 және Xbox One платформаларында жарық көрген Apex Legends ойынын 50 миллионнан астам адам жүктеген. Ал алғашқы бір аптада 25 миллион адам жүктеп, рекорд жасаған болатын. Компания қуанышты жаңалықпен ерекше бейнешолу ретінде бөлісті.

Ойынды алғашқы үш күнде 10 миллионнан астам адам жүктеп, оның 2 миллионы бір уақытта ойнаған екен. Apex Legends басты бәсекелесі Fortnite ойынына қарағанда жылдам танымал болды. Epic Games жасап шығарған Fortnite ойыны тек 6 аптадан соң ғана 25 миллион қолданушыға жеткен. Дегенмен қазір консоль, ДК, смартфондардағы қолданушыларды қоса есептегенде қазір Fortnite ойынында 200 миллион ойыншы тіркелген. Apex Legends ойын нарығында пайда болғанына бір аптадан сәл асса да Twitch киберспортшылар арасында жарыс ұйымдастыруды қолға алды.  

Electronic Arts жасап шығарған ойын бұған дейін Twitch бейнестриминг жүйесінде рекорд жасап үлгерген еді. Көрермендер Twitch Rivals турнирін жалпы уақытты қосқанда 8,29 миллион сағат тамашалаған. Рекорд Fortnite ойынына тиесілі болатын. Epic Games жасап шығарған Fortnite ойынын өткен жылдың 20 маусымы күні Summer Skirmish жарысында 6,6 миллион сағат көрген. Сондай-ақ, Apex Legends ойыны жеке стримдегі көрілім уақыты бойынша рекордты жаңартты. Танымал киберспортшы Майк shroud Гржесиктің Apex Legends ойынына жасаған стримін 1,1 миллион адам тамашалаған. Бұл бұрынғы рекордтан (Тайлер Ninja Блевинстің Fortnite ойынына жасаған стримі) 100 мыңға көп.

«Апекс аңыздары» - соңғы уақытта танымал болып келе жатқан «корольдік айқас» стилінде жасалған. Бір картада 60-қа жуық ойыншы үш-үштен топ болып өзара айқасады. Ойын тегін болғанымен өзіңізге қажетті қосымша заттарды ақшаға сатып аласыз. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді