Цукерберг бір күнде $6,2 миллиард қаржы тапты

Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг бір күнде $6,2 миллиардқа ие болды. Бұл жағдайға 2018 жылдың қорытынды есебі жариялануы әсер еткенге ұқсайды. Ақпаратты Bloomberg ақпарат агенттігі хабарлады.

Құжатта компания табысы 39 пайызға артқаны жазылған. Осы жаңалықтан кейін Facebook акциялары бірден 11 пайызға қымбаттады.

Ақпаратты жеткізген басылымның хабарлауынша, компания өткен жылы көптеген кедергілерге тап болды. Алайда, соған қарамастан ұжым мол табыс таба алған.

Осы жағдайдан кейін ең бай адамдардың рейтингінде де өзгерістер орын алды. 34 жастағы компания басшысы Марк Цукерберг ең бай адамдар тізімінің 5-сатысына жайғасты. Дәл қазіргі уақытта, кәсіпкердің жек капиталы – $65,5 миллиард.