Бактериялардан электр энергиясын өндірудің оңай жолы табылды

Бактериялардан электр энергиясын өндірудің оңай жолы табылды

Массачусетс технологиялық институтының инженерлері электр энергиясын бәрінен жақсы өндіретін бактерияларды тез арада анықтаудың тәсілін тапты. 

Жер астында, көл тұңғиығында, тіпті, сіздің ішегіңізде бактериялар өмірінің әр минуты үшін жанталаса еңбектеніп жатыр. Өйткені оттегі аз көлемде болатын жерде өмір сүру бактериялар үшін қиынның қиыны. 

Олар электр энергиясын аз көлемде өндіргенімен, оның қуаттылығы күшті. Ғалымдар тәжірибе өткізіп, оны дамыту үстінде. Сол себепті жақын уақытта микроорганизмдердің көмегімен барлығын - биомодификациялық денеден бастап аккумуляторға дейін қуаттауға мүмкіндік пайда болады. 

Алайда бұл оңайға соғатын іс емес. Барлық бактериялар электр энергиясын өндіргенімен олардың да араларында бәрінен көп қуат беретіндері бар. Тек оларды өсіру көп уақыт пен қаржыны талап етеді. 

Бактериялар өз организмінің ішінде электрондарды өндіріп, оны жасушалы мембраналардағы кішігірім арналар арқылы қоршаған ортаға шығарады. Бұл процесс - "жасушааралық электронды тасымалдау" деп аталады. Бұған дейін электр энергиясын өндіру қабілетін анықтау үшін ғалымдар ақуыздың белсенділігін өлшейтін. Алайда бұл тым ұзақ уақытты алатын еді. MIT инженерлері бұдан оңай әрі жылдам анықтау тәсілін тапты. Ол үшін құм сағаты тәрізді микрофлюидті арнаның ішіндегі бактериялардың штамдарына шағын кернеуді қолданады. Сол арқылы электр энергиясының қуатын анықтауға болады.

Осылайша, инженерлер қазір үміткер бактерияларды таңдап, олардың сәйкестігін тексеріп жатыр. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек
Психолог кеңесі: қашықтан оқыту кезінде күйзелісті қалай жеңу керек
Депозит ашарда нені білу керек?
Депозит ашарда нені білу керек?
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Kaspi.kz – Қазақстандағы электрон коммерция бойынша № 1 интернет-дүкен
Қазақстанда өлім жазасы жойылды
Қазақстанда өлім жазасы жойылды
"Азаматтық позицияңды ұмытпау". ER-BATYR жобасында – Рауан Кенжехан
"Азаматтық позицияңды ұмытпау". ER-BATYR жобасында – Рауан Кенжехан
Баланы тіс тазалауға қалай үйрету керек?
Баланы тіс тазалауға қалай үйрету керек?