Huawei жаңа заманауи ноутбугын таныстырды

Huawei жаңа заманауи ноутбугын таныстырды
Фото: engadget.com

Huawei компаниясы Лас-Вегаста өтіп жатқан СES 2019 көрмесі кезінде жаңа заманауи MateBook 13 ноутбугын таныстырды.

Жаңа ноутбук 13 дюймді сенсорлы IPS-дисплеймен жабдықталған. Экран тұнықтығы 2160 × 1440 нүктені анық көрсете алады. Өндірушілердің айтуынша бұл дисплей барлық түстерді 100 % қанық көрсете алады екен. Сондай-ақ экран жиектемесі айтарлықтай жіңішкерген.

MateBook 13 ноутбугына төрт ядорлы Whiskey Lake сериясымен шыққан Intel Core процессоры орнатылған. Core i5-8265U және Core i7-8565U нұсқалары бойынша шығады. Жедел жады 8 Гбайтқа тең.

Huawei ұсынған жаңа ноутбуктың сырты алюминийден жасалған. Қалыңдығы - 14,9 мм. Сондай-ақ батареясы жылдам қуатталады әрі ұзақ уақытқа шыдайды.

Компанияның жаңа заманауи ноутбугы қаңтар айының соңында сатылымға шығады. Core i5 нұсқасындағылары - $999, Core i7 нұсқалары $1299 шамасында болмақ.  

Ө. Сансызбай