Қазақстанда сатылымда: жасанды интеллектке ие 4 камералы Huawei Mate 20 lite

Қазақстанда сатылымда: жасанды интеллектке ие 4 камералы Huawei Mate 20 lite
Фото: massaget.kz, Huawei Technologies

Huawei Mate 20 lite алғаш 21 қыркүйек күні журналистер мен блогерлерге арналған Media Hub танымдық жобасында таныстырылды. Бизнес-аудиторияға арналған жаңа смартфонның басты артықшылығы жасанды интеллект функциясымен істейтін 4 камерасы болды.

Смартфонның алдыңғы панелінің 81%-ы 2.5D дисплеймен қамтылған. FHD+ анықтықтағы экран диагоналі – 6.3 дюйм. Экранның жоғарғы бөлігінде “моноқабақ”, ортасында 24 және 2 мегапиксельді фронтал камералар, динамик және сенсорлар орналасқан.

Жасанды интеллект негізіндегі фото-көмекші айқын композиция жасауға және 8 категориядағы объектілерге арналған баптауларға оптимизация жасауға қабілетті. Автопортрет мінсіз болу үшін смартфон сіздің қас, көз, ерініңіздің формаларын ескеріп, қажетті баптауларды өздігінен таңдайды. Huawei Mate 20 lite фронтал камераларының тағы бір ерекшелігі – жарық нашар түскен жерде көмектесетін HDR Pro және көмескі жарық функциялары. Негізгі камера болса 20 және 2 мегапиксельді екі камерадан тұрады. Ол жасанды интеллект арқылы 22 объектіні тани алады.

Huawei Mate 20 lite жасанды интеллектіні тек фото-функцияда қолданбайды. Смартфон сондай-ақ лифтіден шыққаннан кейін 4G сигналды жылдам қалпына келтіріп, жел соққанда, шулы жерде сөйлескенде артық шуды өшіріп отырады. Huawei Mate 20 lite Android 8.1 оперативті жүйесі және EMUI 8.2 интерфейсі негізінде жұмыс істейді. Демек қолданушылар GPU Turbo технологиясының артықшылықтарын қолдана алады. Ол ойын ойнау кезінде графикалық процессор қуатын 60%-ға арттыра алады.

Смартфонның техникалық қырының ең ұнамды тұсы – 12-нм техпроцесімен жасалған Kirin 710 процессоры. Чип 2,2 ГГц жиіліктегі Cortex-A73 төрт ядросын, 1,7 ГГц жиіліктегі Cortex-A53 төрт ядросын және Mali-G51 MP4 графикалық жылдамдатқышын қамтыған. Смартфонның ішкі жады – 64 GB, жедел жады – 4 GB. Жылдам қуатталу технологиясы бар аккумулятор қуаты – сағатына 3750 мА.

Huawei Mate20 lite смартфонының Қазақстандағы бағасы 149 990 теңге болмақ. Модель барлық ірі сауда орынында қара және көк түсте сатылады.

Серіктес мақаласы

Massaget.kz