Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жаңалықтар / Дүниенің есігін әуеде ашты

Дүниенің есігін әуеде ашты

Дүниенің есігін әуеде ашты

Осыдан екі жыл бұрын ғарышта дүниеге келген нәресте жайлы фантастикалық фильм түсірілді. Кинотеатрларда үздіксіз көрсетілген фильм көрерменнің көңіліне ерекше әсер ете алды. Бұл – адам қиялынан туған АҚШ киногерлерінің айрықша туындысы еді. Өмірдің таңғажайыбы таусылсын ба?! Өмірде де шыр етіп бұл дүние есігін әуеде ашқан жандар бар. «Аспаннан салбырап түстің бе» деп әңгіме арасында айтылатын әзіл сөз бұл оқиғадан кейін шындыққа жанасатын тіркеске айналғандай.

Эд-Даммама қаласынан Коччиге бет алған Үндістанның «Jet Airways» лайнерінің бортында жүкті әйел толғатып, сол мезетте ұшақ ішінде босанды. Әуеде дүниеге келген бұл дүниенің қонағы жарық әлем есігін аша салысымен ерекше сыйлыққа ие болды. Мұндай оқыс оқиғаға тап болған компания шақалақтың аман-есен, қол-аяғы сау болып дүниеге келгенін ескеріп, нәрестеге өмір бойы ұшақ рейстерінде тегін ұшу мүмкіндігін сыйлады. Толғақ қысқан жас анаға борттағы фельдшер мен экипаж көмектескен. «Сәбидің дауысы шыр еткенде, ұшақ жаңғырып кеткендей болды. Бұл нәрестенің жерде емес, аспанда дүниеге келуі тегін емес»,– дейді фельдшер Сара Брайн.

Мұндай оқиғалар өте сирек кездеседі. Соңғы рет 2009 жылы Пенангтан Кучингке ұшып бара жатқан ұшақтың ішінде де осындай жағдай болған. Небәрі екі сағаттық ұшу кезінде дүниеге келген нәрестеге де өмір бойы ұшақпен тегін ұшу сертификаты табысталған еді.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 25 сәуір 2018, 08:27

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->