WhatsApp-та өшірілген файлдарды қайта қалпына келтіруге болады

WhatsApp-та өшірілген файлдарды қайта қалпына келтіруге болады
Фото: ysia.ru

WhatsApp мессенджерін құрастырушылар өшірілген файлдарды қайта қалпына келтіретін қызметін іске қоспақ. Бұл жайында Life.ru сайты хабарлады.

Желі қолданушыларының өшірілген файлдары мессенджер серверінде 2 ай сақталады. Осы уақыт аралығында оны қалпына келтіруге болады. Қазір Android жүйесінде жаңа функцияны тестілеу жүргізілуде екен.

- Жеке мәліметтерді өзге қолданушылар көре алмайды. Сондай-ақ хакерлерлік шабуылдардан сенімді қорғалған, - дейді мессенджерді құрастырушы мамандар. 

Ө. Сансызбай