Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жаңалықтар / Microsoft зағип жандарға жол сілтеуші бағдарлама жасады

Microsoft зағип жандарға жол сілтеуші бағдарлама жасады

Microsoft зағип жандарға жол сілтеуші бағдарлама жасады

Танымал Microsoft компаниясы зағип жандарға жол сілтеуші бағдарлама жасап шығарды. Смартфондағы бағдарлама көмегімен көзі нашар көретін жандар қала ішінде өз бетімен қалаған бағытына жете алады.

Компания жасаған бағдарламаның атауы - Soundscape. Құлаққап көмегімен жұмыс жасайды. Зағип жанға жақын маңдағы көшелер, аялдамалар мен ғимараттар жайлы хабарлап отырады. Сондай-ақ баратын жеріңді (сауда орталығы, асхана, т.б.) алдын ала таңдауға да болады. Ол үшін бағдарламаға дауыстық хабарлама жібересің.

Бағдарлама GPS секілді дұрыс бағытта бара жатқанын, қайда бұрылатынын алдын ала ескертіп отырады. Егер қайда тұрғаныңды білгің келсе, дисплейдің жоғары бөлігін басу керек.

Soundscape бағдарламасын құрастырушылар өз өнертабыстарының зағип жандарға көп көмегін тигізетініне сенімді.

- Көшеде жүру үшін зағип жандар көбіне таяқ немесе ит алып жүреді. Кейде жеке түйсігіне сенеді. Алайда айналада не барын, қай жерде келе жатқанын толық біле бермейді. Осы тұрғыдан алғанда бағдарламаның көмегі көп болады деп ойлаймыз, - дейді зағип жандар ұйымының қызметкері Эрин Лориден. Ол Microsoft компаниясымен Soundscape бағдарламасын бірлесе жасауға көмектескен.

Қазіргі таңда бағдарлама АҚШ пен Ұлыбритания елдерінде ғана қолданысқа енген. Сондай-ақ әзірге iOS операциялық жүйесі смартфондарына ғана қолжетімді.

Фото: Engadget
Қосылған күні: 03 наурыз 2018, 14:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.