Арланы үшін кек алған қасқыр

Арланы үшін кек алған қасқыр
Фото: FotoRelax.RU

Жақында Алпысбай Құлпейісов бастаған атыраулық аңшылар бригадасы Махамбет ауданының Томан ауылына қарай қасқыр атуға шықты.

“Жаңа жыл қарсаңында учаскеде ересек қасқырлар жұбы пайда болды. Олар көршінің жылқысын жарып кетті. Көршім таныстарынан қару сұрап алып, арланын атып тастады. Ал қаншығы қашып кетті. Енді, міне кек алып жүр. Екі күн бұрын көршілеріміздің қой қорасына кіріп, 15 қойды тамақтап кетті, ал кеше басқа көршіміздің түйесін жарып кетті. Мұны тоқтату үшін Атыраудан Құлпейісовтің бригадасын шақырттық. Қасымда Қызылжардың басқа тұрғындары да бар. Аңшыларға көмектесіп, қорқау қуармыз, петардалар жарармыз. Қажет болса, мылтық атуды да білеміз”, – дейді Қызылжар учаскесінің фермері Данияр.

Алпысбай Құлпейісовтің бригадасында тәжірибелі аңшы Асқар мен көптен бері аңшылыққа әуес боп жүрген танымал атыраулық әнші Виктор Маврин де бар. Мәдениет қызметкері интернеттегі бағасы 700 мың теңгеден жоғары тұратын Benelli карабинімен қаруланған. Бірақ ешкім ерекшелене қоймады: аңшылар ұрғашы қасқырдың ізімен ұзақ жүрді, бірақ ол «Ақжайық» резерватының аумағына жасырынып, қашықтан атуға да мүмкіндік бермеді. Ал бұл қорықта кез келген аңшылыққа тыйым салынған.

“Қазір қасқырлардың күйлеп, шағылысатын уақыты. Бұл кезде есейген күшіктер үйірден бөлінеді. Біздің Томан ауылында қасқырлар негізінен қыста пайда болады. Пешной жартыаралындағы резерваттың басқа бөлігінен мұз арқылы өтіп келеді. Қорықшылар Қызылжармен шектесетін резерват аумағында қазір 60 қасқыр жұбы мекендейтінін айтады. Олар фермер шаруашылықтарына шабуыл жасайды да, кері қорыққа кетіп қалады. Бірақ Қызылжарда өлген арланның қаншығы, оның ізін бақсақ, көбінесе теңіз жаққа қарай қозғалады”, – дейді жергілікті тұрғын.

Өткен жылдары Каспий бірнеше шақырымдарға тартылып, теңіздің түбі көрініп қалыпты. Қасқыр іздері шоқ тоғайлардың біріне әкелді. Алпысбай әрқайсысы өз орнын біліп, қамыс арасында серігін атып алмас үшін аңшыларды «нөмірге» бөлді. Біртіндеп шеңберді тарылта отырып, олар ортасына жақындады, қаншық жоқ. Көмек ретінде дрон іске қосылды, бірақ жыртқыш құдды ғайып болғандай табылмады.

Stan.kz

А. Қажиев