Apple корпорациясы iPhone X смартфонын шығаруды тоқтатпақ

Apple корпорациясы iPhone X смартфонын шығаруды тоқтатпақ
Фото: Notebookcheck

Дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндіруші танымал Appleкорпорациясы соңғы шыққан iPhone X смартфонын шығаруды тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы BGRпорталы хабарлады.

Қытай нарығында iPhone X смартфонына сұраныс азайған. Корпорация басшылары осыған байланысты жаңа өнімдерінің шығарылымын тоқтату жайында ойлана бастаған.

Үш ай ішінде саудаға 18 миллион смартфон шығарылған. Ал корпорация сарапшылары бұл көрсеткіш 30 миллионды құрайды деп ойлаған. Нәтижесінде жаңа смартфонның сатылымы осыған дейінгі iPhone-дан аса алмайды екен.

Сарапшылар пікірі бойынша қытайлықтарға жаңа смартфонның дизаины мен техникалық мүмкіндіктері ұнамаған. Оның үстіне бағасы да қымбат.

Apple өнімдерін пайдаланатындар үшін жаңа iPhone X смартфоны аса ұнай қоймаған. Олардың айтуынша, жерге құласа тез сына кететін де көрінеді.

Ө. Сансызбай