Екі құлтемір фейсбукте жаңа тілде сөйлескен

Екі құлтемір фейсбукте жаңа тілде сөйлескен
Фото: vk.com

Facebook компаниясына тиесілі жасанды интеллекті жүйесінің бірі жойылды. Компания басқармасының мұндай шешімге келуіне құлтемірлердің бағынбауы себеп болған. Оны екі құлтемірдің ағылшын тілінде емес, өздеріне ғана мәлім шифр сөздермен құрған диалогынан байқаған.

Әңгіме мынадай шифр сөздер тізбегінен тұрады:

"Элис: шарлар менде бар нөл маған маған маған маған маған маған маған

Боб: сен мен барлығы қалғандары

Элис: шарлар менде бар маған маған маған маған маған маған маған

Боб: мен…

Элис: шарлар менде бар нөл маған маған маған маған маған маған маған Боб: сен мен мен мен мен барлығы қалғандары

Элис: шарлар менде бар нөл маған маған маған маған маған маған маған "

Бір қараған адамға бұл жай сандырақ секілді. Бірақ жасанды интеллект жасаушылар оның жаңа тіл ойлап тауып, өзара белгі беруге жасалған алғашқы қадам екенін айтып отыр.

"Құлтемірлер түсінікті тілден бас тартып, өзара код сөздер ойлап табуда ", - дейді жасанды интеллект жасаушы Дхрув Батра.

Сарапшылар айтуы бойынша, егер бұлай жалғаса беретін болса, олар алдағы уақытта IT маман басқаруынсыз-ақ жұмыс істейтін болады. 

Жақында Илон Маск жасанды интеллектіні "адамзатқа төнуші ең басты қауіп" деп, ел басшыларынан бұл жағдайды қатаң қадағалауды сұраған болатын.

Бұған қатысты Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг: "алдағы бес, он жылда жасанды интеллект адам өмірін жақсартады," – деген еді. 

А. Оралқызы