WhatsApp арқылы кез келген файлды жіберуге болады

WhatsApp арқылы кез келген файлды жіберуге болады
Фото: neurogadget.net

WhatsApp мобильді қосымшасының iOS және Android платформаларындағы соңғы жаңартудан кейін мәтінді өңдеп, кез келген файлды жіберу мүмкіндігі пайда болады.

Осыған дейін WhatsApp қолданушылары тек мәтін немесе кесте жәбере алатын. Ал өзге файлдарды жіберу үшін алдымен оларды интернеттегі сақтау платформаларының біріне жүктеп, сілтемесін алу ұсынылатын. Енді мұның жұмысы жеңілденді.

WhatsApp мессенджерінің жаңа нұсқасында кез келген файлды белгіленген көлем бойынша (Android - 100 МБ, iOS - 128 МБ) жіберу мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетсек, мұның бета-нұсқасы маусым айынан бері қосылған. Дегенмен, компьютер десктопы арқылы жүктелетін файл көлемі 64 мегабайттан аспауы керек.

Ж. Өрісбай