2017 жылы «iPhone Ferrari» сатылымға шығады

2017 жылы «iPhone Ferrari» сатылымға шығады
Фото: YouTube

2017 жылы танымал «Apple» компаниясы жаңа үлгідегі үш смартфон шығарады. Бұл туралы батыстық басылымдар хабарлауда.

«Алдағы жыл америкалық компания үшін табысты болмақ» - деп болжайды сарапшылар. Компания 2017 жылы «iPhone 7s», «iPhone 7s Plus» және «iPhone Ferrari» смартфондарын шығаруды жоспарлап отыр екен.

Бейресми деректер бойынша «iPhone Ferrari» смартфонының корпусы шыныдан жасалады. Жиектемесі жоқ «OLED» экраны мен «Home» батырмасымен жабдықталады. Ал «Sim-карта» салынатын орны смартфонның төменгі бөлігіне орналасады.

Айта кетейік, жақында ғана «Aplle» компаниясы Оңтүстік Кореяның «Samsung» компаниясымен келісімге келіп, «iPhone 8» смарфондарынан бастап 100 миллион «OLED» дисплей орнатуға мүмкіндік алған еді.

Ө. Сансызбай