Қытайлық компания отқа төзімді смартфон шығарды

Қытайлық компания отқа төзімді смартфон шығарды
Фото: www.aliexpress.com

Oukitel K6000 смартфонының басты техникалық артықшылығы  ұзақ уақытқа жететін батареясы. Сағатына 6000 мА көрсеткішке ие қуат жинақтағыштар қазіргі таңда тек планшеттерде қолданылады. Дегенмен, бұл оның ең негізгі ерекшелігі емес. Жаңа қытайлық смартфон отқа төзімді корпуспен жабдықталған.

Төмендегі видеода Oukitel компаниясы құрастырған аппараттың отқа төзімділігін анықтау тесті көрсетіледі. Бірінші сынақтан өткен смартфон толығымен жанып кеткенін көреміз. Ал Oukitel K6000 дәл сол температураға төзе алады. Сынақтан өте алмаған смартфонның қай компания өнімі екені көрсетілмейді.

Oukitel K6000 аппаратының техникалық мүмкіндігіне келер болсақ, дисплей диагоналі – 5,5 дюйм, ал оперативті жады 2 гигабайтқа тең. Мобильді девайс 4 ядролы MediaTek процессорымен қаматамасыз етілген. Өнімнің нарықтағы бағасы 139,99 АҚШ долларын құрайды. 

Ж. Өрісбай