Microsoft Lumia 950 смартфоны ресми таныстырылды

Microsoft Lumia 950 смартфоны ресми таныстырылды
Фото: neurogadget.com

Microsoft корпорациясы жақында нарыққа шыққан Lumia 950XL смартфонына ұқсас тағы бір флагманын таныстырды.

Microsoft Lumia 950 смартфоны Windows 10 Mobile операциялық жүйесі негізінде жұмыс істейді. Ол 5,2 дюймді QHD AMOLED экранмен жабдықталған. Негізгі камерасының сапасы – 20 МП. Америкалық компанияның кезекті өнімі 6 ядролы Snapdragon 808 процессормен қамтамасыз етілген. Смартфонның оперативті жады – 3 ГБ.

Ресми түрде берілген ақпаратқа сенсек, Microsoft Lumia 950 смартфоны әлемдік нарықта 550 АҚШ доллары бағасымен сатылымға шықпақ.

Ж. Өрісбай