iPad Pro бағасы белгілі болды

iPad Pro бағасы белгілі болды
Фото: www.macworld.co.uk

12,9 дюймді iPad Pro планшеті 11 қарашадан бастап онлайн саудаға шығады. Ал көрші Ресей және Қытай елдеріндегі Apple компаниясының ресми дүкендерінде жаппай сатылымы басталады.

iPad Pro девайсының Wi-Fi модулі бар 32 гигабайтты моделі 315 000 теңге шамасында шығарылады. Ал 128 гигабайтты нұсқасы 420 000 теңге көлемінде болмақ.

Биыл таныстырылған Apple планшетіне қосалқы құрал дайындалғаны белгілі. Смарт жанасуды беретін Apple Pencil 24 000 теңге көлемінде сатуға қойылады. Apple корпорациясының Қазақстанда ресми дүкені жоқ болғандықтан, өнімнің Қазақстан нарығына қашан шығарылатыны белгісіз. Дегенмен Apple-ге серіктес отандық компаниялар алдын ала тапсырыспен жеткізіп беру қызметтерін ұсынады.

Айта кетсек, планшет металды корпустан шығарылады. Оның күміс, алтын және сұр түсті модельдері бар.

Ж. Өрісбай