Samsung Galaxy S7 бағасы S6 нұсқасынан арзан болады

Samsung Galaxy S7 бағасы S6 нұсқасынан арзан болады
Фото: www.technologynewsextra.com

Өзінің нақты болжамдарымен танымал Пан Джутан есімді сарапшы Samsung компаниясының келесі жылдың басында таныстырылатын өнімінің бағасы салыстырмалы түрде төмен болатынын мәлімдеді. Оңтүстіккорейлік компания мұны өніміне нарықтағы сұраныс деңгейін көтеру үшін жасайтыны белгілі.

Samsung Galaxy S7 флагманы 2016 жылдың ақпан айында ресми түрде таныстырылады. Ал оның бағасы Galaxy S6 смартфонына қарағанда 10%-ға арзан болуы мүмкін. Белгілі сарапшы ақпараттың дерекөзі туралы  ешнтеңе айтпады. Дегенмен оның сараптамалық болжамдары көбіне расталатынын ескерсек, жаңа смартфонның бағасы қолжетімді болуы бек мүмкін.

Айта кетсек, жаңа флагманды смартфонның әдеттегідей екі моделі шығарылады. Бірі 5,7 дюймді фаблет болса, екіншісі 5,2 дюймді корпуспен қамтылады. Оңтүстіккорейлік өнімнің тағы бір ерекшелігі ол енді компанияның өзі шығарған Exynos 8890 (Mongoose) процессорымен жабдықталады.

Ж. Өрісбай