Қытай роботы жүруден рекорд орнатты (видео)

Қытай роботы жүруден рекорд орнатты (видео)
Фото: www.popsci.com

Қытайда жасалған Xingzhe No.1 атты робот үшін жүру аса қиындық тудырмайды. Құрастырушылар айтуынша, ол кез келген қашықтықты басып өте алады. Аталған робот 54 сағат бойы белгіленген қашықтықта қозғалып, әлемдік рекорд орнатты.

Рекордтық межеге жеткен сәтте автономды құрылымды роботтың қуаты таусылды. Ол 360 мың адым басып, 133,5 шақырымды бағындырды. Xingzhe төрт аяқты робот басып өткен ең үлкен қашықтықты бағындырғаны үшін Гиннес рекордтар кітабына енді.

Мұндай санаттағы роботтардың узақ уақыт бойы біркелкі қозғалыста жүруі күрделі құрылымды қажет етпейді. Бұл технология қарапайым құрылғының аз қуат жұмсай отырып, алыс қашықтықты бағындыруын қамтамасыз етеді. Xingzhe No.1 сынды роботтар болашақта алыстағы ғаламшарларды зерттеуде тиімді болмақ.

Айта кетсек, Xingzhe No. 1 роботына дейін бұл рекордты Ranger есімді аппарат орнатқан болатын. Америкалық Корнелл университетінің студенттері құрастырған робот 2011 жылы 31 сағат жүріп, 64 шақырымды басып өтеді. 

Ж. Өрісбай