Samsung Galaxy S7 смартфоны Sony камерасымен жабдықталады

Samsung Galaxy S7 смартфоны Sony камерасымен жабдықталады
Фото: www.concept-phones.com

Жапон смартфон концерні ұсынған Xperia Z5 флагманы 23 Мп сапаға ие камерамен жабдықталатыны белгілі. Ғаламторда тараған бейресми ақпаратқа орай, Samsung компаниясының келесі өнімі де осындай камераға ие болмақ.

Оңтүстік Корея алыбы Sony компаниясы дайындайтын смартфонның сезімтал тетіктерін өзінің Galaxy S7 өнімінің техникалық құрылымында қолданбақ. Ал өзге де деректерге жүгінсек, жаңа смартфон ISOCELL технологиясы негізінде жасалатын 20 Мп сападағы камерамен жабдықталуы да мүмкін.

Sony компаниясы нарықтағы сұраныс талабына орай, камераның сапасын үдемелі дамытып келеді. Сондықтан енді Samsung сынды алып бәсекелес те оған тапсырыс беруге мүдделі болып отыр. Дегенмен жапон компаниясы оңтүстіккорейлік бақталасына 20 Мп сападан артығын ұсынбайды. Себебі Sony өзінің Xperia Z5 смартфонының нарықта аналогы жоқ камерамен сатылымға шығуын жоспарлап отыр.

Ж. Өрісбай