Facebook кибер шабуылдар туралы қолданушыларға ақпарат береді

Facebook кибер шабуылдар туралы қолданушыларға ақпарат береді

Facebook компаниясы заңсыз жеке адамға тиесілі ақпарат алғысы келетін хакерлер мен арнайы қызмет мекемелері туралы қолданушыларды ақпараттандырып отырады.

Facebook мамандары әрбір қолданушыға жеке ақпараттарына қол сұғылғандығы туралы хабарлама жіберетін технологиялық қызмет дайындады. Хабарламада «Сіздің жеке ақпаратыңызға кибер шабуыл жасалды. Бұл мемлекеттік мекемелер сұранысы бойынша жасалған болуы мүмкін» деп жазылады. Содан кейін қолданушыға операциялық жүйені қайта орнатуға немесе мобильді құрылғыны ауыстыруға кеңес беріледі.

«Мұндай дайындық біз үшін аса маңызды. Белгісіз адамдардың заңсыз кибер шабуылдар жеке адам құқығын бұзумен қатар, мемлекеттік құпияларды да әшкерелеу мақсатында жасалуы мүмкін», — дейді Facebook әлеуметтік желісінің қауіпсіздік бөлімінің басшысы Алекс Стамос.

Әзірге аталған желі құрылымының қай ел территорияларында қолжетімді болуы туралы ақпарат жоқ. Facebook мұны қолданушылар қауіпсіздігі үшін жасап жатқаны рас. Дегенмен құпия мекемелер жаңа қызметті іске қосуға рұқсат етпеуі де мүмкін.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты