Google компаниясы YouTube видеохостингінің қазақстандық нұсқасын іске қосты

Google компаниясы YouTube видеохостингінің қазақстандық нұсқасын іске қосты
Фото: Youtube

Google компаниясы YouTube видеохостингінің қазақстандық нұсқасын іске қосты, ол арқылы қолданушылар youtube.kz доменімен хабар алмаса, видеоны шығара және бөлісе алады.

YouTube хостингінің бұл нұсқасында қазақстандық танымал видеолар ұсынылады, сонымен бірге, сапалы видеоконтент жасайтын қазақстандық дарынды қолданушыларға, телекомпанияларға, жарнама берушілерге және брендтерге платформа ұсынады.

"YouTube Қазақстанда өте танымал, әсіресе, 18-24 жастағылар үшін. Жергілікті қолданушылардың контентке қарап қана қоймай, өздерінің де жеке контентін жасағысы келгендерін байқап отырмыз. YouTube-тің Қазақстанда ресми ашылуы оларға жұмыстарын Қазақстанда да, әлемде де миллиондаған аудиторияға шығарып, оны тиімді дамытуға мүмкіндік береді", - деді Google компаниясының Қазақстандағы бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Максим Мачкасау.

Сонымен қатар Google Қазақстанда YouTube серіктестік бағдарламасын іске қосып отыр. Енді әрбір қолданушы өзінің танымал арнасы арқылы ерекше контент жасап, видеохостингтің серіктесі бола алады. YouTube серіктес бағдарламаға серіктес-қатысушылардың арналарында жарнама қояды. Бұл арқылы қолданушылар монетизация жасай алады, яғни ақша таба алады.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін