Лазерлі ұстара шығарылды

Лазерлі ұстара шығарылды
Фото: naked-science.ru

Стартап жобалардың орталығы Kiсkstarter сайтында тағы бір инновациялық өнім өндіріске жеткілікті қаржыны жинай алды. Ол – лазерлі ұстара.

Skarp Technologies стартап-компаниясы бастапқыда Kiсkstarter сайтында $160 000 соманың қажет екенін білдірген. Skarp атауына ие лазерлі ұстараны құрастырушылар аз уақытта 580 000 АҚШ долларын жинай алған. Күнделікті қолданыста қажет ұстараның лазерлі функциямен қамтамасыз етілуі жобаның танымал болуына негіз болған.

Электронды девайс ең сапалы батареяның (ААА) көмегімен ауысымсыз 30 күнге дейін жұмыс істей алады. Жоба авторларының мәліметіне сенсек, Skarp ұстарасының өткір жүзі жоқ. Инновациялық өнім оның орнына лазерді қолданады. Құрастырушылардың айтуынша, лазердің адам терісіне еш зияны жоқ.

Қырыну кезінде аз қуатты лазер түкті ұстараның жүзінен де терең алады. Оның білтегін ауыстырып, қырынудан бұрын сақал не мұртты сулауды да қажет етпейді.

Қызығушылық танытқандар алдын ала тапсырыс бере алады. Оның халықаралық нарықтағы бағасы - $159. Ал лазерлі ұстара ресми түрде келесі жылдың наурыз айында таныстырылады.

Ж. Өрісбай