Samsung компаниясы iPhone-ды тағы да келеке етті (видео)

Samsung компаниясы iPhone-ды тағы да келеке етті (видео)
Фото: tengrinews.kz

Бірнеше күннен кейін Apple компаниясының жаңа смартфоны дамыған он елде сатылымға шығады. Ал Apple бәсекелестері компанияның айтулы күнді сәтсіз бастауы үшін бар күшін салып жатыр. Әлеуметтік желілердегі қызу пікірталас пен iPhone 6s смартфонын күлкі ететін әртүрлі жарнамалық видеороликтер шығарылып жатыр. Samsung корпорациясы тағы да белсенділік танытып, екі жарнамасын ұсынды.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Samsung пен Apple компаниясы арасындағы патенттік соғыс сот шешімімен өз мәресіне жеткен еді. Шешімге орай, Samsung қомақты қаржы төлеуге міндеттелген. Сондықтан оңтүстіккореялық компанияның маркетологтары Apple өнімінің кемшіліктерін тауып, жарнама арқылы күлкі етудің жолдарын табумен айналысып келеді.

Осыдан екі апта бұрын Samsung смартфондары сымсыз қуаттау мүмкіндігін алға тартып видеоролик түсірсе, кезекті жарнамада смартфонның төлемдерді орындау функциясы ерекшеленген.

Samsung Galaxy S6 Edge смартфоны екі жақты дөңес дисплеймен жабдықталғанын білеміз. Келесі жарнама осы мүмкіндікті ескерген. 

Ж. Өрісбай