Google мен Twitter-дің біріккен жобасы шығады

Google мен Twitter-дің біріккен жобасы шығады
Фото: searchengineland.com

Google мен Twitter ғаламтор қолданушылары басылымдардың жаңалықтарын әлеуметтік желілер арқылы айтарлықтай жылдам ала алмайтындығын алға тартып, өзіндік жаңалықтар қызметін шығарады, - деп жазады 24kz.

Сол себепті, корпорациялар көпшілікке ақпарат жеткізудің жаңа әрі жылдам қызметін ұсынбақ. Жоба авторларының сөзіне қарағанда, осылайша оқырмандар кез келген материалды тез арада көруге мүмкіндік алады. Google мен Twitter-дің бұл жиынтығы өзге әлеуметтік желілерге ұқсамайды. Яғни, мұнда мақалалар мен жаңалықтар жарияланбағанымен, материалдардың кэш нұсқасы жарық көріп отырады.

Ж. Өрісбай