NASA Халықаралық ғарыш стансасын тағы да суретке түсірді

NASA Халықаралық ғарыш стансасын тағы да суретке түсірді
Фото: kinja-img.com

NASA Халықаралық ғарыш стансасының тағы бір суретін жариялады. Бұл жолы Жер серігі күннің фонында суретке түсірілген.

Фотосуреттің авторы – 25 жыл бойы NASA-ның фотографы болып келе жатқан Билл Ингаллс. Ғарыш стансасы суретке 6 қыркүйекте түсірілген. NASA түсірілген суреттерден фотоколлаж жасап, кеменің қозғалу траекториясын көрсетуге тырысқан.

ХҒС орбитада сағатына 8 шақырым жылдамдықпен қозғалып жүр. Жерді 90 минутта айналып шығады. 

Айта кетелік, қазір Халықаралық ғарыш стансасында 6 адам бар. Олар: ресейлік ғарышкерлер Михаил Корниенко, Олег Кононенко, Сергей Волков, NASA ғарышкерлері Скотт Келли, Челл Линдгрен және жапон Кимия Юи. Бүгін ол жақтан қазақстандық Айдын Айымбетов, дат Андреас Могенсен мен ресейлік Геннадий Падалка оралды.

М. Бисембаева