Apple гаджеттеріне жаңа смайликтер қосты

Apple гаджеттеріне жаңа смайликтер қосты
Фото: tn.kz

Күзде шығатын Apple iOS 9.1 операциялық жүйесінде жаңа смайлдар (Emoji) пайда болады. Олардың қатарында мешіт пен Ватикан туының суреті де бар.

Бұл Emoji-лер 16 қыркүйекте шығатын жаңартылған операциялық жүйеде болмайтынын ескерте кетелік.

Сөз болып отырған белгі бұған дейін Microsoft Windows 10 операциялық жүйесінде пайда болған еді.

Айта кетелік, Emoji дегеніміз әңгілесушіге жіберуге арналған адамның эмоциясын білдіретін суреттер.

М. Бисембаева