"Вконтактеде" интернет-дүкен пайда болады

"Вконтактеде" интернет-дүкен пайда болады
Фото: naked-science.ru

Вконтакте желісінде интернет-дүкен пайда болады. Бұл туралы Lenta.ru желінің өкілі Георгий Лобушкинге сілтеме жасап хабарлады.

Лобушкиннің айтуынша, сайтқа "Тауарлар" атты бөлім қосылады. Мұнда желі қолданушылары сататын тауарлар көрсетіледі. "Қазір сайттың қолданушылары тауарларын сату үшін фотогаллереяны пайдаланып жүр. Бұл өте ыңғайсыз. Сондықтан, оларға арнайы платформа жасап беруді жөн санадық", - деді өкіл. Бұл шешімге желіде тауарларға сұраныстың артып келе жатқаны да себеп болған көрінеді.

Әзірге қызмет тегін болады. "Бөлім аясында сатушыларға пайдалы қызметтер қосып жатсақ, ақша жағын да ойланармыз", - деді Лобушкин. 

М. Бисембаева