YouTube Gaming сервисі іске қосылды

YouTube Gaming сервисі іске қосылды
Фото: youtube.com

Google компаниясы YouTube Gaming деп аталатын сервисті іске қосты. Қызмет видеоойындардың онлайн трансляциясын көруге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Eurogamer.

Сервис жұмысының принципі Twitch-ке ұқсас. Қолданушылар болып жатқан ойынды көріп қана қоймай, пікір қалдыра да алады. 

Ал оның Twitch-тен ерекшелігі DVR Mode деп аталатын қызметінде. Бұл опция соңғы 4 ойынды буферде сақтауға мүмкіндік береді. Соның арқасында, қолданушы бұрын көрген ойынды көп уақыт жұмсамай қайта тамашалап шыға алады. 

iOS және Android платформаларының қолданушылары үшін арнайы қосымша да жасалған.

М. Бисембаева