Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жаңалықтар / Apple-дің бұрынғы басшысы жаңа смартфонды таныстырды

Apple-дің бұрынғы басшысы жаңа смартфонды таныстырды

Apple-дің бұрынғы басшысы жаңа смартфонды таныстырды

Apple корпорациясының тарихына қызығушылық танытқан кез келген адам үшін Джон Скалли есімі таныс болар. PеpCo компаниясының президенті болған Джон Скаллиді Стив Джобстың өзі Apple компьютерлерінің сатылым деңгейін көтеру мақсатында жұмысқа шақырады. Ал 1985 жылы Скалли Джобстың Apple-ден қуылуына себеп болады. Әрине, мұның бәрі тарих беттерінде қалды. Енді Джон Скалли өзінің Obi Worldphone атты жаңа смартфонын таныстырды.

Девайс 5-дюймді дисплеймен жабдықталған. Смарфтонның жұмыс істеу қуатын 8 ядролы Snapdragon 615 процессоры қамтамасыз етеді. Скалли смартфонының АҚШ территориясындағы бағасы 199 және 249 АҚШ долларын құрап отыр. Бірінші нұсқасы 2ГБ оперативті және 16 ГБ қосалқы жадқа ие болған. Ал екіншісі 3 ГБ оперативті және 32 ГБ қосалқы көлеммен жабдықталып отыр. Сонымен қатар, смартфонның қызыл, ақ және қара түсті корпустары дайындалған.

Скалли жаңа аппараттың сыртқы дизайны мен ішкі теникалық мүмкіндігін Ammunition Design компаниясымен біріге жасаған. Obi Worldphone смартфоны батыс нарығында арзан өнім болғандықтан, орта деңгейлі сегмент гаджеттері қатарын толтырып отыр. Смартфон қазан айында сатылымға шығады. Ал оның негізгі нарығы Азия, Африка және Орта Шығыс елдері болмақ.

Айта кетсек, көбіне орта сегментті смартфондарды тұтынатын елдердің нарығын HTC, Lenovo сынды қытайлық смартфон өндірушілер иемденіп алған. Ендеше Джон Скалли ұсынған алғашқы смартфон аталған алпауыт корпорациялармен бәсекелеске түспек.

Естеріңізге сала кетсек, Джон Скалли он жыл бойы Apple корпорациясын басқарған. 1987 жылы оның жылдық табысы 2,2 миллион АҚШ долларына жетіп, әлемдегі ең жоғары жалақы алатын менеджерлердің қатарына енеді.

Джон АҚШ-тың Браун университетінде білім алған. Apple компаниясынан кеткеннен кейін зейнетке шығады. Бүгінде Палм Бич (Флорида штаты) қаласында тұрады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: appleinsider.com
Қосылған күні: 28 тамыз 2015, 14:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.